639

Дженнифер Лопес Алматыдағы концертінде қазақстандық жұптың гендер-партин өткізді (ВИДЕО)

Жас жұбайлар болашақ сәбидің жынысын жариялап беруін өтінген.

Дженнифер Лопес Алматыдағы концертінде қазақстандық жұптың гендер-партин өткізді (ВИДЕО)
instagram.com/jlo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 тамызда Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концерті көрермендер үшін тек музыкалық шоу ғана емес, ерекше эмоцияларға толы сәттермен де есте қалды.

Әлемдік поп-жұлдыздың сахнадағы орындауы кезінде залдағы қазақстандық жұп әншіге конверт жолдап, болашақ сәбидің жынысын жариялап беруін өтінген. Лопес конвертті ашып, бүкіл залға қуанышты жаңалықты жеткізді:

«Бұл – қыз!» – деп жар салды әнші.

Сол сәтте көрермендер орнынан тұрып, шексіз қол шапалақ пен қуанышты дауыстарға толтырды. Бұл әсерлі оқиға әлеуметтік желілерде тез тарап, түрлі аккаунттарда жарияланды.

Материал авторы