687

Павлодарда Антикор қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұсталды

Оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстап алған көрінеді.

Павлодарда Антикор қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұсталды
egov.press

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің екі қызметкері ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Shyndyk.kz редакциясы жазды.

Алдын ала мәліметке сай, олар жергілікті кәсіпкерден ақша талап еткен. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 1-бөлігі («Қорқытып алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақша алу сәтінде подполковник Ж. Тасболат ұсталды. Сол жерде онымен бірге басқарма бастығы, полковник К. Аханов та болған. Басылымның жазуынша, ол Тасболатты ақша берілетін жерге жеткізіп тастаған.

ҚР ҰҚК бұл ақпаратқа әзірге түсініктеме берген жоқ. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Материал авторы