Алматыда досын өлтірді деп айыпталған жасөспірім сотта ақталып шықты

28.03.2023, 15:38
558
Алматыда досын өлтірді деп айыпталған жасөспірім сотта ақталып шықты

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында досын өлтіріп, ақшасын ұрлады деп айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қалалық соты таратқан мәліметке сәйкес, кәмелетке толмаған сотталушы Р. досы С-мен кездесіп, араларында қарызға байланысты жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Сотталушы Р. досы С-ны аяқ киімінің бауымен тұншықтырып өлтіріп, оның банк картасын ұрлап, дүкенде 28 мың теңгесін жұмсады деп айыпталды.

Сотта прокурор мен жәбірленушілер айыптауды толық қолдап, Р-ны 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыптаушы тарап айғақ ретінде қамауға алынғаннан кейін сотталушының кінәсін мойындағанын, қылмыс құралы – сотталушының ДНҚ ізі табылған жәбірленушінің кроссовкасынан шілтер, жәбірленушінің төлем картасындағы сотталушының сатып алған заттары туралы мәліметтер және басқа да құжаттарды ұсынды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындамай, кісі өлтіру кезінде жәбірленушінің қоғамдық орында болғанын, оны әртүрлі адамдар көрген деген нұсқаны алға тартты.

Сотта куәгерлер сотталушының олармен бірге ойын алаңында болғанын растады.

Жәбірленушінің сотталушыға банк картасын одан бұрын тапсырғанын да анықтады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы Р. өз кінәсін мойындаудан бас тартып, тексеруде бұл факті растамалғанымен, оған физикалық қысым жасалғанын түсіндірді.

«Алқабилер жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Р-ны кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін кінәлі емес деп танып, қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтардың жоқтығы үшін ақтады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады қалалық сот.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды