Тоқаев тұңғыш АЭС-ке атау беру үшін ашық конкурс жариялады
Әзірге станцияның атауы жоқ дейді Тоқаев.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балқаш көлі жағасындағы Үлкен кентінде салынатын алғашқы атом электр станциясына (АЭС) атау таңдауға арналған ашық конкурс өткізуді ұсынды.
Мемлекет басшысы бұл ұсынысын халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесу барысында айтты. Оның сөзінше, АЭС тек энергетика саласының нысаны ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық прогрестің символына айналуы тиіс.
«Әзірге станцияның атауы жоқ. Бұл еліміздегі тұңғыш АЭС болғандықтан, халық арасында үздік атау жөнінде байқау жариялауға болады деп санаймын. Байқауға қатысып, шығармашылықтарыңызды көрсетіңіздер. Мүмкін, шешім қабылдағанда сіздердің ұсыныстарыңызға сүйенерміз», – деді Президент.
АЭС құрылысы «Росатом» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобаның ресми басталуы 8 тамызда Үлкен кентінде өткен салтанатты шарада жарияланған.
АЭС салу бастамасы алғаш рет 2023 жылғы қыркүйектегі Жолдауда көтеріліп, 2024 жылдың 6 қазанында өткен бүкілхалықтық референдумда көпшілік қолдауына ие болды. 2025 жылғы 25 ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданында нысанның нақты орны бекітілді.
Материал авторы