SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, астаналық кондитер Нұршат Ақбергенова блогер Аселина Батырды туған күніне арналған тапсырыс тортының ақшасын толық төлемеді деп айыптады. Бағасы – 600 мың теңге, блогер алдын ала тек 100 мың теңге берген.
Нұршаттың айтуынша, торт 18 кг болған, қымбат өнімдер қолданылған, төрт адам бір апта бойы жұмыс істеген. Алған ақшасы материал шығынын да жаппаған.
«Жалғызбасты анамын, екі балам бар. Шығындарымды да, қызметкерлер еңбегін де өтей алмай отырмын», – дейді ол.
Аселина Батыр болса, бағаны торт жеткізілгеннен кейін ғана естігенін, алдын ала келісім болмағанын айтады.
«600 мың теңгеге біз келіскен жоқпыз. Бағаны соңына дейін жасырды», – дейді блогер.
Ол кондитер өзін бай клиент ретінде көріп, бағаны көтергенін меңзеді.
Нұршат болса, тапсырыс барысында блогердің қалауы өзгергенін, бағаны түсіндіргенін және әділетсіз айыптауларға тап болғанын жеткізді.
Қазір Аселина Батырдың адвокаттары «қорқытып ақша алу, жала жабу және репутацияға нұқсан келтіру» бойынша талап арыз дайындап жатыр. Ал Нұршат тек тапсырыс берушінің өзінен ақша күтетінін, ешкімнен көмек қабылдамайтынын мәлімдеді.
RUS