4 жасар қызымды зорлады деп 8 жастағы баланы азаптаған «Қазақмыс» қызметкері қамауға алынды

Азиз Қалижан Редактор
11.08.2025, 17:40
641
4 жасар қызымды зорлады деп 8 жастағы баланы азаптаған «Қазақмыс» қызметкері қамауға алынды әлеуметтік желіден

Балқаштағы атышулы іске қатысты тағы бір дерек белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Балқашта 8 жастағы баланы қатыгездікпен ұрып-соқты деген күдікке ілінген «Қазақмыс» компаниясының қызметкері екі айға қамауға алынды. Сонымен қатар, полиция баланы зорлау дерегі бойынша да тексеру жүргізіп жатыр.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Күдіктінің “жәбірленуші кәмелетке толмаған бала оның кішкентай қызына сексуалдық сипаттағы заңсыз әрекет жасауға тырысты” деген мәлімдемесіне байланысты, тергеушілер оқиғаның толық және объективті картинасын анықтау үшін қажетті шаралардың барлығын жүргізіп жатыр. Екі тараптың да нұсқалары тексерілуде», – деді полиция өкілдері.

Еске салайық, жергілікті тұрғын Мәдина Досымбекова «Қазақмыс» қызметкерін өз ұлын азаптап, ауыр соққыға жықты деп айыптаған. Оның айтуынша, күдіктінің полиция, аурухана және өзге де мемлекеттік органдарда таныстары бар, сондықтан істі жабуға тырысқан. Ол бұл оқиғаны жұртшылыққа жариялап, әділ тергеу жүргізуді талап етті.

Ал күдіктінің өзі 8 жастағы баланың оның қызына қорлық көрсеткенін алға тартқан. Полиция осы дерек бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасуда.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады