Астанада жасөспірімдер тобы кофеханаға шабуыл жасап, келушілерді ұрып–соққан (ВИДЕО)
Жасөспірімдер өз әрекеттерін «Арбат геноциді» деп атаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Иманбаева көшесі маңындағы кофеханада бір топ жасөспірім келушілерге шабуыл жасады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға өткен жұма күні болған. Агрессивті жастар мекемеге баса-көктеп кіріп, келушілердің «бейресми» сыртқы бейнесіне бола жанжал шығарған.
Қалалықтардың сөзінше, мұндай оқиғалар бұған дейін де бірнеше рет қайталанған. Жасөспірімдер өз әрекеттерін «Арбат геноциді» деп атап, құрбандарынан телефон мен ақша тартып алады екен.
Полиция дерегінше, барлық қатысушылар ұсталған. Олардың жасы 14 пен 16 аралығында. 16 жастан асқан жасөспірімдерге «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылды. Ал 16 жасқа толмағандардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзу заң бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін, ал кәмелетке толмағандар жағдайында жауапкершілік ата-ана немесе заңды өкілдерге жүктелетінін ескертті.
Материал авторы