SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер әрі актриса Құралай Анарбекова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жазба жариялады. Өнер иесі жақында тұрмысқа шығып, қалыңдық атанған болатын.
«Жаңа кезең. Жаңа өмір. Көп нәрсе өзгерді. Тіпті мені қоршаған орта да өзгерді. Біреулер түсіндірместен кетіп қалды, ал біреу нағыз өз уақытында келді. Жаңа адамдар, жаңа мағыналар пайда болды. Өзің өзгергенде айналадағы әлемнің де өзгеретіні қызық. Мен бәріне ризамын, әсіресе қасымда жүргендерге. Кейде бәрін бірден бөліскім келеді, бірақ аздап ырымшылмын. Бақыт пен ақша тыныштықты жақсы көреді деп сенемін. Сол себепті ең маңыздысы — жүректе сақталсын», — деп жазды актриса.
Анарбекованың жазбасын оқыған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Бірі оның өмірлік серігі туралы сұрап, қызығушылық танытса, енді бірі жылы лебіздерін білдірді:
«Жолдасы отбасы құруға рұқсат етпеген», «Қалай құттықтайтынымызды білмей қалдық», «Менің парақшама өтіңдер, бәрін айтып беремін», «Бастысы — бақытты бол, қалғаны — өмір», «Таңдаған жолыңыз қуаныш пен бақыт сыйласын, жолыңыз ашық болсын».
RUS