SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жеке концертінде отбасына қатысты көпшіліктің көкейіндегі сауалға әзілмен жауап берді.
Көрермен арасында оның жары Мөлдір Мұқанмен ажырасты деген әңгіме тарап кеткен еді. Осыны меңзеген өнер иесі сахнада былай деді:
«Негізі концерт көруге келіп отырсыздар ма, әлде бірдеңе білу үшін бе? Жүздеріңізге қарасам, бәріңізге бір нәрсе айтып беретіндеймін. Залда қыздарым отыр, сондықтан асықпай кейінірек айтамын».
Кеш барысында әзілкештің балалары сахнаға көтеріліп, әкесіне гүл сыйлап, бетінен сүйіп құттықтады.
Желі қолданушылары бұл сәтті ерекше әсерлі деп бағалады:
«Балалардың әкесімен араласуы — Мөлдірдің дұрыс шешімі», «Концерт өте жоғары деңгейде өтті, әсіресе қыздарының сахнаға шығуы ерекше болды».
Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқан жас әншімен дуэт орындап, желіде сынға қалған болатын.
RUS