Талғарда бір айға жуық уақыт іздестірілген әйел табылды
Құқық қорғау органдары әйелдің соңғы үш апта бойы қайда болғанын анықтап жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Талғар қаласында шілде айынан бері із-түзсіз кеткен 35 жастағы әйел аман-есен табылды. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Волонтерлердің дерегінше, ол 18 шілде күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Жоғалғаны туралы хабарды 31 шілдеде әйелдің анасы полицияға жеткізген.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 8 тамыз күні Талғар ауданы аумағынан іздестіріліп жатқан әйелдің жүрген жері анықталды. Ол дереу туыстарына қайтарылды. Анасының айтуынша, қызы бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған, бірақ әр жолы өздігінен қайтып келген», — деп хабарлады облыстық ПД.
Құқық қорғау органдары әйелдің соңғы үш апта бойы қайда болғанын және бұл жағдайдың себебін анықтауды жалғастырып жатыр.
Материал авторы