«Бурактың өзі күтіп алды»: Мөлдір Әуелбековаға Түркияда белгілі аспаз ұсыныс жасағанын айтты

Азиз Қалижан Редактор
13.08.2025, 13:49
1185
«Бурактың өзі күтіп алды»: Мөлдір Әуелбековаға Түркияда белгілі аспаз ұсыныс жасағанын айтты жеке парақшасынан

Түріктерден құдалар керек пе дейді әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Түркиядағы демалысы кезінде ерекше жағдайға тап болды — оған түрік азаматы тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Бұл жайлы ол Instagram парақшасында бөлісті.

Әншінің айтуынша, Түркияға барған сәтте оны Стамбұл әуежайынан Бурак есімді азамат өзі қарсы алған.

«Бурак бізге күтпеген ұсыныс жасады. Түріктерден құдалар керек пе? Не дейсіздер, қазақ елі?! Стамбұлда Бурактың өзі күтіп алды. Есесіне, әдемі қыздан бір ән шашу шаштым. Тамсанды», — деп жазды ол.

Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Әншінің жанкүйерлері әзіл-шыны аралас пікір қалдырып, кейбірі тіпті «Түркияға көшу» туралы кеңестерін беруде.

Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова бұған дейін жеке өмірі жайлы ашық сұхбаттар берген. Ол екі некесінің де аяқталуын тағдыр сынағы деп қабылдайтынын, бірақ өмірге өкпелі емес екенін айтқан.

«Екі некемді де сәтсіз деп айтпаймын. Тағдырыма ризамын. Екі балам бар, тәтті қызым бар. Қызымның әкесімен пандемия кезінде таныстық. Ол кезде намаз оқып, жүрегінде иманы бар жігітті жолықтырсам деп ойладым. Қызыма 8 айлық жүктілігімде кетіп қалдым. Ол жерде ұлым екеуіміз жалғыз қалдық. Мен күйеуімді дұрыс танымай шығыппын. Ол туралы ақпарат іздегенде маған жалған мәлімет келді. Кейін төртінші әйелі екенімді білдім. Содан күйзеліске түстім. Күйеуім өзінің отбасы мен бала-шағасына кетіп қалады. Мен баламмен жалғыз қалдым. Әке-шешемді жерге қараттым деп ойладым. Тіпті суицидке баруға да қадам жасадым. 16-қабаттан секіргім келді», — деген еді өнер иесі.

Әнші қазір өмірінде жаңа кезең басталғанын, шығармашылығына көңіл бөліп, жеке бақытын іздеп жүргенін айтады.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды