Атыраулық ер адам Ресей атынан әскери мейіргер болғаны үшін 5 жылға сотталды

13.08.2025, 15:55
226
Атыраулық ер адам Ресей атынан әскери мейіргер болғаны үшін 5 жылға сотталды РИА Новости / Алексей Майшев

Ол Ресейдің уәкілетті органдарымен келісімшартқа отырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда сот жергілікті тұрғынның шетел аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысу ісі бойынша үкім шығарды. Ол Донецк облысында әскери мейіргер ретінде қызмет атқарғаны үшін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 172-бабы («Шетелдегі қарулы қақтығыстарға немесе әскери іс-қимылдарға қатысу») бойынша кінәлі деп танылды.

Соттың №2 мәліметінше, 2024 жылдың наурызында ер адам Мәскеуге барып, Ресейдің уәкілетті органдарымен келісімшартқа отырған. Қысқа мерзімді дайындықтан өтіп, әскери киіммен қамтамасыз етілген соң, ол танк полкі құрамына жіберілген. Сол жерде ол сарбаздарға медициналық көмек көрсеткен. Бұл әрекет Қазақстан заңнамасы бойынша шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысу деп бағаланады.

2024 жылдың желтоқсанында болған қақтығыстардың бірінде ер адам жарылғыш затқа түсіп, жарақат алған. Ол жарақатымен госпитальға жеткізілген.

Сот үкімінде айыпталушының кәмелетке толмаған баласы бары және оның істеген ісіне өкінгені ескерілген. Соған қарамастан, оған аталған бап бойынша ең төменгі жаза — 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды