Оралда ер адам ұлын исламдағы кәлиманы айтқызу үшін ұрып–соққан

Азиз Қалижан Редактор
13.08.2025, 16:34
214
Оралда ер адам ұлын исламдағы кәлиманы айтқызу үшін ұрып–соққан Orda.kz

Әйел бұрынғы күйеуінің 5 жасар ұлын аяусыз ұрып-соққанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласының тұрғыны бұрынғы күйеуінің баласына қатыгездік көрсеткенін және алимент төлемей жүргенін айтып, баспасөзге жүгінді. Әйелдің айтуынша, ер адам ұлын исламдағы кәлиманы айтқызу үшін ұрып-соғып, шаңсорғышты қосып бір бөлмеге қамап қойған.

«Ортақ баламыз бар. Балама кәлиманы үйретемін деп осылай ұратын. Қазір ұлым мүлдем сөйлемейді. Диагнозымен күресіп келеміз. Жалғыз өсіріп отырмын. Халықтың көмегімен емдетіп жүрмін. Кеше сотта алимент төлемеу үшін баласынан бас тартқысы келді. Бар мүлкін жасырып, өзін жұмыссыз етіп көрсетіп қойған», — деді әйел.

Оның сөзінше, қатыгездікке ұшыраған бала қазір тілсіз қалған және ем қабылдауда. Әйел бұрынғы жұбайының өзіне де бірнеше мәрте қол көтергенін айтады.

«Баламды шаңсорғышты қосып, бөлмеге қамап қоятын. „Лә иләһә иллАллаһ, Мұхаммадур расулуллаһ“ деп айтпады деп ұрысатын. Сол кезден бастап ұлым сөйлей алмай қалды. Өзімді де түнде сабайтын. Таңертең полиция келіп, ауруханаға жеткізді. Бірақ оған ешқандай шара қолданбады. Арызымды жойып жіберді», — дейді ол.

 

 

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі Оралда қайырымдылық істерімен айналысып, намазхан қауым арасында белгілі адам болған.

«Бұл кісіні көпшілік жақсы таниды. Қайырымдылық жасағаны үшін оны жақсы адам деп санайды», — дейді келіншек.

Алимент өндіру ісі бойынша сот отырысы өтіп, әйел ұлын емдету үшін сотқа жүгінгенін айтты. Қазір ол пәтер жалдап тұрады.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды