SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласының полицейлері 49 жастағы әйелді алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Тергеу дерегінше, ол өзін бухгалтер ретінде таныстырып, келісімшартқа отырған клиенттерінің ақшасын иемденген.
Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, күдікті жұмыс берушімен бухгалтерлік қызмет көрсетуге ресми келісімшарт жасап, алайда келісілген міндеттерін орындамаған. Ол қашықтан қызмет ұсынып, жеке кәсіпкермен ірі көлемдегі ақша аудару бойынша мәміле жасаған. Алайда кәсіпкер аударған қаражаттың бір бөлігін әйел жеке пайдасына жаратқан.
Материалдық шығын 12 миллион теңгені құрады. Бұл факт Алматы ауданы криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру шаралары кезінде анықталды.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.
RUS