SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласының жынысын көпшілікке хабарлады.
Бұған дейін өнер иесі өзінің жүкті екенін ресми түрде мәлімдеген болатын. Актриса айтуынша, үлкен даңғаза жасап, сән-салтанатты «gender party» өткізуді жоспарламаған.
«Аса қатты гендер патиді жасағым келмеді. Бірақ төрт құбыламның көңілін қимадым. Сондықтан у-шусыз, шағын ауқымда өткізуді ұйғардық. Баланың жынысы мен эмоцияға толы кешіміздің толық нұсқасын арнамнан көре аласыздар», – деп жазды Жұлдыз.
Актрисаның жазбасынан кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Көпшілігі болашақ сәби үшін құттықтап, жылы лебіз білдірсе, кейбірі Қайрат Нұртастың кадрда көрінбегеніне назар аударды.
«Қайрат көрінбейді», «Қайрат мамасының жанында жүр», «Баланың әкесі Қайрат па өзі?!», «Жұлдызға оңай емес», «Алаудың реакциясынан қыз деп ойладым», «Бауы берік болсын», «Тездетіп бөпелеріңмен қауышыңдар», – деп жазды олар.
Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова бұл — өзінің жетінші жүктілігі екенін бұған дейін де ашық айтқан еді.
RUS