Ақжайық ауылында екі мұғалім суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты

15.08.2025, 11:19
1209
Ақжайық ауылында екі мұғалім суға батып бара жатқан қызды құтқарамын деп қаза тапты Uralskgorod

Қыз аман-есен құтқарылғанымен, екі ер адам жағалауға шыға алмай, батып кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында қайғылы оқиға орын алды. 10 шілдеде Теректі ауданы Ақжайық ауылында Жайық өзені жағасында екі мұғалім 13 жастағы қызды құтқару кезінде суға батып кетті. Бұл туралы Uralskgorod жазды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, отбасымен демалып отырған ер адам өзенде қыздың батып бара жатқанын байқап, айғайлаған даусын естіген. Қыздың ағасы дереу суға секіріп, оны құтқаруға ұмтылды. Сол сәтте 37 жастағы Қанат Шайхиденов те көмекке келді.

Қыз аман-есен құтқарылғанымен, екі ер адам жағалауға шыға алмай, суға кетті.

Қанат Шайхиденов Ақжайық ауылындағы мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Артында жары мен бес баласы қалды. Үлкен ұлы аутизммен ауырады, ал кенжесі небәрі үш айлық.

Екінші марқұм — 25 жастағы Бекарыс Амиров. Ол Астанадағы Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM мектебінде физика пәнінің мұғалімі еді. Жазғы демалысын туған ауылында өткізуге келген. Тамыз айында үйлену тойын өткізу жоспарланған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе су қоймасында екі кішкентай бала суға кеткені хабарланған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды