559

«Қара жорға» биін жалаңаш билегендер желіде сынға ұшырады (ВИДЕО)

Ер адамдар той ортасында іш киіммен ұлттық биді билеп жүргенін байқауға болады.

«Қара жорға» биін жалаңаш билегендер желіде сынға ұшырады (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» ішкі киіммен орындаған адамдардың видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

Бейнежазбада бірнеше адамның ұлттық би қимылдарын жасай отырып, сахнаға лайықсыз киімде билегені көрінеді. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында жаппай наразылық туғызды.

Көпшілік мұны ұлттық дәстүр мен мәдениетке құрметсіздік деп бағалап, мұндай әрекеттерді айыптады. Әдетте «Қара жорға» той-мерекелерде, ұлттық киімде, салтанатты жағдайда орындалады және қазақ мәдениетінің бір символы саналады.

Қазірге дейін видеоны қай жерде және қандай жағдайда түсірілгені белгісіз. Дегенмен желідегілер ролик авторларын көпшілік алдында кешірім сұрап, бейнематериалды өшіруге шақыруда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор