1309

Астанада адамдарды жүк көлігімен қасақана басуға тырысқан шетелдік ұсталды

Ер адам осылайша кек алмақ болған көрінеді.

Астанада адамдарды жүк көлігімен қасақана басуға тырысқан шетелдік ұсталды
Прокуратура

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада Ресейдің Новосібір өңірінде адамдарға қасақана жүк көлігімен соқпақ болған деген күдікке ілінген ер адам ұсталды.

Тергеу мәліметінше, 10 тамыз күні күдікті екі рет көлікті әдейі дәмхана маңында жиналған адамдар тобына бағыттаған. Бұл әрекетін ол танысына жасалған шабуыл үшін кек алу мақсатында істеген болуы мүмкін. Абырой болғанда, адамдар дер кезінде қашып үлгерген, ешкім ауыр жарақат алмаған.

11 тамызда ол Ресейден шығып, Әзербайжанға қашуды жоспарлаған. Қазақстан арқылы өтуге тырысқан күдіктіге халықаралық іздеу жарияланып, сырттай қамауға алу санкциясы берілді. 14 тамызда ол Астанада қолға түсті. Қазір оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда ер адам бұрынғы жұбайын әдейі көлікпен қағып, салдарынан әйел бір аяғынан айырылған еді. Жәбірленуші айқын қауіп кезінде көліктен секіріп түсіп қашпақ болғанымен, жүргізуші оны павильонға қысып қалған. Қазір әйел ауыр ем қабылдап жатыр, туыстары оның реабилитациясы мен протезіне қаражат жинауда.

Материал авторы