SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Балқашта қыз баланы зорлады деп айыпталған 8 жастағы балаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
«НеМолчи» қозғалысының парақшасында баланың анасы Мадина Досымбекова сараптама нәтижесінде қыздың денсаулығына зақым келмегені анықталғанын мәлімдеді. Осыған байланысты тергеу ісі қысқартылған.
Бұған дейін Досымбекова «Қазақмыс» қызметкері ұлын ұрып-соғып, азаптағанын айтқан. Ол күдіктінің полиция, аурухана және басқа да мемлекеттік органдарда байланыстары барын, істі жабуға тырысқанын алға тартқан.
Алайда күдікті, керісінше, Досымбекованың ұлын өзінің қызына жыныстық сипаттағы әрекет жасады деп айыптап, жеке қылмыстық іс қозғауға қол жеткізген. Бұл іс қазір жабылды.
Қазіргі уақытта «Қазақмыс» қызметкері сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Қарағанды облыстық полиция департаменті оған қатысты өзге қылмыстық істің тергеліп жатқанын растады.
RUS