960

Жамбылда өгей әкесі құлдықта ұстады деген балалардың ата-анасы өз нұсқасын айтты

Балалардың анасы күйеуін жақтап отыр.

Жамбылда өгей әкесі құлдықта ұстады деген балалардың ата-анасы өз нұсқасын айтты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысында өгей әкенің қолында құлдықта болғаны туралы айтқан балалардың туған әкесі мен анасы журналистке сұхбат берді.

Әкесі Нұржан балаларының үстінде қамшы ізі болғанын, өгей әке түнде намазға мәжбүрлеп, қалғып кетсе ұрып отырғанын айтты. Нағашыларының сөзінше, өгей әке «жын шығару» мақсатымен сабап, балаларды күндіз мал бақтыруға жіберген. Тамақты да көзінше бермей, жасырын жегізген. Балалар бірнеше рет үйден қашып, мешітке паналаған, бірақ өгей әке қайта алып кетіп отырған.

Ал анасы Назерке бұл айыптауларды жоққа шығарып, күйеуін қорғады. Оның сөзінше, балалар намазды өз еркімен оқыған, ал қамшымен тек жерді ұрып, ұйықтамауын қадағалаған. Әйел күйеуі сотталса, соңына дейін қорғап, ақтап алатынын мәлімдеді.

Полиция бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор