Қазақстаннан Мәдина қаласына тікелей ұшуға мүмкіндік тумақ

18.08.2025, 09:09
265
Қазақстаннан Мәдина қаласына тікелей ұшуға мүмкіндік тумақ benedek / Getty Images/iStockphoto

Қазақстан мен Сауд Арабиясы тікелей әуе қатынасын ашу жөнінде келісімге келді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Үкіметі әуе қатынасы туралы келісім жобасын мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, екі елдің әуе компаниялары келісілген бағыттар бойынша халықаралық рейстер орындай алады. Келісім үш негізгі тармақты қамтиды:

ел аумағы арқылы қонбай ұшу;

техникалық аялдама жасау;

жолаушыларды, багажды және жүкті отырғызу және түсіру.

Жоспарға сәйкес, қазақстандық авиакомпаниялар Эр-Риядқа, Жиддаға, Мединаға және Даммамға рейстер орындай алады. Сауд Арабиясының тасымалдаушыларына Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент бағыттары ашылады. Сондай-ақ тараптар бірлескен рейстер (code-share) орындауға мүмкіндік алды.

Келісім әуе компаниялары үшін тең бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етеді, әділетсіз тарифтерден қорғайды және екі ел аумағында коммерциялық қызмет жүргізуге мүмкіндік береді. Құжат барлық ішкі рәсімдер аяқталған соң 30 күннен кейін күшіне енеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Pegasus Airlines әуекомпаниясы Ақтөбеден Ыстамбұлға тікелей рейстерді іске қосатынын хабарлаған болатын. Жаңа бағыт 22 қыркүйектен бастап тұрақты түрде орындалады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді