393

Бурабайда ер адамды әріптесін пышақтап тастады

Кеуде тұсына, қолына және жамбасына пышақ сұққан.

Бурабайда ер адамды әріптесін пышақтап тастады
pixabay

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бурабай аудандық ауруханасына пышақ жарақатымен ер адам жеткізілді. Бұл туралы Nayzakokshe жазды.

Зардап шегуші ірі кәсіпорындардың бірінде механик болып жұмыс істейді. Оның кеуде тұсына, қолына және жамбасына әріптесі пышақ сұққан.

Оқиға жұмыс вахтасы аяқталғаннан кейін болған. Әріптестер зейнетке шыққан қызметкерді шығарып салып отырған кезде өзара жанжал туындаған. Сол сәтте күдікті пышақ алып, ер адамға жарақат салған.

Дәрігерлер қазір оның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Күдікті ұсталды.

Материал авторы