469

Атырауда фельдшер оққа ұшырап қаза тапты

Топтық төбелес кезінде оқ атылған.

Атырауда фельдшер оққа ұшырап қаза тапты
Envato

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда 23 жастағы ер адам оққа ұшты. Қайғылы жағдай түнде топтық төбелес кезінде болған.

Марқұм – жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып істеген. Бірақ оқиға оның жұмысына байланысты емес, кезекшіліктен шыққаннан кейін орын алған.

Белгілі болғандай, достары оны көмекке шақырған. Алайда төбелес барысында қатысушылардың бірі қару алып, жас фельдшерге оқ атқан.

Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды. Оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде.

Материал авторы