Қызылорда қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған алғашқы мектепке баспасөз туры өтті

18.08.2025, 19:10
333
Қызылорда қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған алғашқы мектепке баспасөз туры өтті Пресс служба акимата Кызылорды

Бүгін Қызылорда қаласының Сол жағалау мөлтек ауданында «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде өңірде алғаш ашылған жалпы орта білім беру ұйымына ашық есік күні ұйымдастырылды.

 Ашық есік күніне 400-ден аса ата-ана мен оқушылар сонымен қатар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. 

900 оқушыға арналған жаңа мектеп бүгінде цифрландыру, инклюзивтілік және кеңістікті көпфункционалды пайдалануға қойылатын барлық талаптарға сай келетін заманауи үлгілік білім ордасы айналған.

Мектеп 0-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушыларға толыққанды білім беруді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда ғимарат жаңа жиһаздар, цифрлық құрылғылар мен интерактивті технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Бұл оқу жылының алғашқы күндерінен-ақ сапалы білім беру процесін жолға қоюға мүмкіндік береді.

Білім ордасы инклюзивтілік пен жалпыға бірдей қолжетімділік қағидаттарына сай жобаланған. Ғимарат пандуспен, лифтпен, тактильді бағыттағыштармен, жарықтық белгілермен, сахнаға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Ашық есік күні барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ата-аналарға мектептің инфрақұрылымы атап айтқанда,  цифрлық сауаттылық, информатика және робототехника кабинеттері,  ағаш және металл өңдеу, тігін және аспаздық шеберханалары,  бейнелеу өнері, графика және жобалау кабинеттері, STEM-зертханасы және оқушылардың барлық санатына қолайлы жағдай жасайтын сәулеттік және логистикалық шешімдер таныстырылды.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан