SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде 17 тамыз күні Ақмола облысында болған әуе апатының сәті түсірілген видео тарады. Кадрларда құлап бара жатқан жеке әуе кемесі көрініп қалған.
Бейнеролик авторының айтуынша, ол Родина ауылы жаққа жол жүріп бара жатып, жай ғана аспанды түсірген. Сол сәтте объективке төменге құлаған ұшақ іліккен.
«Қатты қорқып кеттім, өзімді жаман сезіндім», – деп жазды қыз Instagram парақшасында.
Еске салайық, апат 55 шақырым жерде, Астанаға жақын маңда болған. Әуе кемесінде болған екі адам – ұшқыш пен жолаушы көз жұмды.
Қазір аталған дерек бойынша ҚК-нің 344-бабы 3-бөлігі («Әуе көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу, екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
RUS