Әлеуметтік желіде анасы мен баласының еріндерінен сүйген сәті қоғамда қызу талқыланды
Жігіттің әйелі бұл жағдайды сүйіспеншілік деп бағалады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Threads желісінде жарияланған видео қазақстандықтар мен қырғызстандықтар арасында қызу пікірталас тудырды. Кадрда анасы мен ұлының еріндерінен бірнеше рет сүйісіп жатқан сәті бейнеленген.
Көптеген желі қолданушылары мұндай әрекетті қоғамдық моральға қайшы деп бағалап, ашық сынға алды.
«Мұны көргенше, торт көріп отырғаным жақсы еді», «Осының бәрін көріп отырған әйеліне обал», «Бұл қазақ емес, қырғыздар ғой», «Мамасының баласы, демалуға да анасын ертіп жүреді», – деп жазды комментаторлар.
Кейбіреулер бұл әрекетті тек бір отбасының жеке мәдениеті деп қарастыруға болатынын айтса, өзгелері мұндай көріністерді ұлттық дәстүр мен тәрбиенің құндылықтарына қарсы деп бағалады.
Желіде талқылау күшейгеннен кейін қырғызстандық блогер Элиза Жээнмырзаева түсініктеме берді. Ол видеодағы адамдар – өзінің күйеуі мен енесі екенін растады.
«Анасы мен баласы екені рас. Ешқандай сендер ойлаған нәрсе жоқ. Бұл – тек сыйластық пен сүйіспеншілік. Біздің отбасымызда қалыпты жағдай. Біз ешкімнен не істеу керегін сұрамаймыз. Егер бұл сіздің ашуыңызды келтірсе, мәселе – өзіңізде. Өз өміріңізді сүріңіз», – деп жазды блогер.
Алайда мұндай түсініктеме де қоғамдағы пікірталасты тоқтата қойған жоқ. Көпшілік арасында «отбасылық махаббат пен этиканың шекарасы қайда басталып, қайда аяқталады?» деген сауал төңірегінде пікірталас жалғасуда.
Материал авторы