SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркия Газа секторына шұғыл гуманитарлық көмек жіберуді жалғастыруда. Елдің ресми дерегіне сәйкес, 2023 жылдың қазан айынан бері аймаққа 101 271 тоннадан астам жүк жеткізілген.
Көмек құрамында азық-түлік, ұн, ауыз су, шатыр, көрпе, киім-кешек, гигиеналық жиынтықтар, сондай-ақ медициналық құрал-жабдықтар мен генераторлар бар. Жүк 16 кеме және 14 ұшақпен жөнелтілген.
Анкара Газа аумағында сегіз дала госпиталін құрып, 53 жедел жәрдем көлігін жолдады. Сонымен бірге Түркияға 430 науқас пен 450-ге жуық еріп жүрген адам жеткізілген.
Гуманитарлық операцияға Түркияның Сыртқы істер, Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері, Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD), Қызыл Жарты ай және бірқатар үкіметтік емес ұйымдар қатысуда. Бұған қоса, Түркия 7,5 млн доллар қаржылай көмек бөлді.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның бастамасымен Түркия халықаралық алаңдарда Газаның дауысына айналып, әлемді палестиналық бейбіт тұрғындарға жедел қолдау көрсетуге шақырып отыр.
RUS