Ердоған: Түркия – әлемдегі ең ақкөңіл ел

20.08.2025, 16:23
601
Ердоған: Түркия – әлемдегі ең ақкөңіл ел Adem Altan/AFP via Getty Images

Ердоған Газаға 100 000 тонна гуманитарлық көмек жібергенін мақтан тұтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күніне» орай әлеуметтік желідегі жазбасында елінің әлемдегі ең жомарт мемлекеттердің қатарында екенін айтты.

«Түркия бүгінге дейін Газадағы халыққа 101 мың тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізді. Сондай-ақ БАПОР-ға (БҰҰ-ның Ближний Востоктағы палестиналық босқындарға көмек агенттігі) қолдау көрсетіп, жалпы көлемі 40 миллион доллардан асатын гуманитарлық науқан жүргізді», – деді Ердоған.

Мемлекет басшысы әлемде 300 миллионнан астам адамның ең негізгі гуманитарлық қажеттіліктерден айырылғанын атап өтті.

«Бұл – адамзаттың ар-ұжданына тікелей әсер ететін ащы шындық, сондықтан бүкіл әлем жауапкершілікті сезінуі тиіс», – деді ол.

Президенттің сөзінше, гуманитарлық көмек – саяси ықпалдан тыс, ең алдымен ар-ожданға байланысты іс. Ол Түркияның гуманитарлық дипломатиядағы ұстанымы арқасында ұлттық табысқа шаққандағы үлесі бойынша әлемдегі ең жомарт елдердің бірі екенін ерекше атап өтті.

«Түркия өз дәстүріне сай ұлтқа да, дінге де қарамастан, қиналған жанға қол ұшын созуды жалғастырады. Бұл – адам қадірін қорғауға және ар-ұждан дауысына құлақ асуға деген біздің ең айқын ниетіміздің көрінісі. Әлемде орын алып жатқан жаһандық дағдарыстар мен қақтығыстар гуманитарлық миссиямызды қиындатқанына қарамастан, біз қай жерде мұқтаждық болса, сонда көмек қолын созуды тоқтатпаймыз. Біз ортасында адам мен гуманитарлық құндылықтар тұрған әділетті әлем құруға үлес қоса береміз», – деп жазды Ердоған.

Сондай-ақ ол Түркияның ешқашан мұқтаж жандарға есігін жаппайтынын жеткізді.

«Жағдайы ауырларға, жетім-жесірге, көмекке зәру жандарға қол ұшын созу – біздің дініміздің өсиеті. Жүрегінде мұқтаждар мен жапа шеккендерге орын таба білгендер нағыз бақытты адамдар», – деп түйіндеді Түркия президенті. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды