458

Катонқарағайда ер адам ауылдас әйелді аяғымен басынан тепкілеген

Оқиға ауылдағы дүкен маңында болған.

Катонқарағайда ер адам ауылдас әйелді аяғымен басынан тепкілеген
ChatGPT нейрожелісі өңдеген / SMARTNEWS.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Катонқарағай ауданында ауыл тұрғыны өз ауылдасын аяусыз ұрып-соқты. Бұл туралы YK-news.kz жазды.

Оқиға ауылдағы дүкен маңында болған. Айтыс-тартыстан кейін ашуға бой алдырған ер адам алдымен әйелді қолымен ұрған, кейін аяғымен басынан тепкен. Салдарынан жәбірленуші есінен танып қалған.

Медициналық сараптама оның бет сүйектерінің екі жерден сынғанын, көз алмасы жарақаттанғанын, қан құйылу мен үшкіл нервтің зақымдануын анықтады. Бұл жарақаттардың салдарынан әйел үш аптадан астам уақыт ауруханада жатып шыққан.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірді және істі жеңілдетілген тәртіппен қарауға келісім берді. Ал жәбірленуші оқиғаны растағанымен, күдіктіге қатаң жаза қолданбауды сұрап, оған арыз-шағымы жоқ екенін айтты.

Сот кінәсін мойындауын, тараптардың татуласуын және ауырлататын мән-жайдың болмауын ескеріп, ер адамға 300 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор