1379

«Балалық шағын құрттың!»: Айдана Меденова 10 жасар қызына неге хиджаб кигізгенін айтты

Қысым жасаған жоқпын дейді әнші.

«Балалық шағын құрттың!»: Айдана Меденова 10 жасар қызына неге хиджаб кигізгенін айтты
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы әнші Айдана Меденова кішкентай қызы Аминаның хиджаб кигені үшін айтылған сынға жауап берді.

Әлеуметтік желіде қызын діни киімге мәжбүрледі деген пікірлерге ол былай деп түсініктеме берді:

«Амина әлі кішкентай. Бұл жаста хиджаб кию міндет емес. Ертең шешіп тастаймын десе, ешқандай мәселе жоқ. Мен әрдайым оған "құндылығыңды ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ" деп айтамын.

Хиджаб – қысым емес, Аллаға деген махаббат пен өзін құрметтеу. Мен мұны жылдар өткен соң түсіндім, ал қызым бұл қадамға меннен де ерте әрі шынайы түрде келді. Тек оның жолы жеңіл, нұрлы болсын деп тілеймін», – деді Меденова.

Айта кетейік, Айдана Меденова кезінде Баян Мақсатқызы продюсерлік еткен «КешYou» тобында ән салған. Кейін дінге бет бұрып, өнер жолынан кеткен.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор