311

Қаңтар оқиғасынан қалған қарулар елдің бірнеше өңірінен табылды

«Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қарулар тағы да тәркіленді.

Қаңтар оқиғасынан қалған қарулар елдің бірнеше өңірінен табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды тәркілеу бойынша мәлімдеме жасады.

Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылдың тамызынан бастап ҰҚК полициямен бірге, прокуратураның үйлестіруімен бірқатар өңірде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Операциялар Астана мен Шымкентте, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында өтті.

Бұл іс-шаралар кезінде, соның ішінде «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қарулар тәркіленді.

«12 Калашников автоматы, 6 тапанша, 15 мылтық, 3 граната және 500-ден астам оқ-дәрі алынды. Аталған деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жұмыс әрі қарай да жалғасады», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор