Алматыда жыл басынан бері автокөлік иелері 50 мыңға жуық жол ережесін бұзған

29.03.2023, 19:20
634
Алматыда жыл басынан бері автокөлік иелері 50 мыңға жуық жол ережесін бұзған Smartnews.kz

Алматыда биылғы екі айда көлік жүргізуішілер қала жолдарында 49 мың 507 рет жол ережесін бұзған, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы қалалық полиция департаментінен хабарлағандай, биылғы екі айда қала жолдарында жол ережесін бұзудың 49 мың 507 дерегі анықталды. Ал автоматты режимде жұмыс істейтін бақылау-өлшеу техникалық құрылғылары арқылы 127 мың 856 мәрте жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.

«Айту керек, 9 мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі шетелде тіркелген автокөлік жүргізушілерімен, яғни, көршілес мемлекеттердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар көлік жүргізушілері тарапынан жасалған. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 26 млн теңгеден асады. Бұрын хабарлағандай, «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі мен саптағы полиция бөлімшелері осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды анықтауға барынша жұмылдырылған. Біздің міндетіміз – мұндай деректердің алдын алу және мұндай тәжірибені жою», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Ол сондай-ақ тәулігіне 800 мыңнан астам көлік жүретін ірі қалада «Қорғау – Қауіпті жүргізуші» жүйесі өзінің тиімділігін көрсеткенін атап өтті. Бұл жүйенің арқылы жалған нөмірлерді пайдаланатын жүргізушілерді, жарыс ұйымдастырып, көлікті агрессивті жүргізетіндерді, сондай-ақ, жол ережелерін елемейтін жол қозғалысына қатысушыларды анықтауға бағытталғанын жеткізді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды