SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында ауқымды сыйлықтар ұтысын өткізіп, желідегі сынға қатысты пікірін білдірді.
Ұтыс барысында түрлі сыйлықтармен қатар Қайраттың сахналық пиджагы да ұсынылған. Айдарбекова ұтыстан кейінгі әсерімен бөлісіп, әділ өткенін атап өтті:
«Барлық сыйлықты сыйдыра алмадық, бірақ өте көп тарту жасадық. Жақындарым "Бізге де осы жолы жолы болсын" деді, бірақ мен ішімнен: "Алла, шынымен мұқтаждарға бұйырсын" деп тіледім. Эфир біткен соң эмоцияларымызды шығарып, құшақтасып, жылап алдық. Бір-бірімізге: "Шүкір, бәрі әділ өтті" дедік», – деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол отбасына қатысты әңгіме қозғап, өсек тарататындарға ескерту жасады:
«Біреудің жанұясын өсектегенше, өз әлеміңізбен, өз өміріңізді әдемілеп сүргеніңіз дұрыс шығар. Ештеңе білмей жатып, сырттай бал ашып, өсектегенше, өз басыңыздың қиындығын реттеп алғаны жөн болар, мысқылдағыш жандарға айтарым», – деді продюсер.
Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары әлі күнге дейін Қайраттың ата-анасынан Жұлдыз Абдукаримованы босанумен құттықтауды күтіп отыр. Кейбіреулер бұл үнсіздікке наразы пікір қалдыруда:
«Немереңізді құттықтау керек қой. Не болса да, ол сіздің қаныңыз, жалғасыңыз».
RUS