SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Израиль әскери ұшақтары Йемен астанасы Сананы жексенбі күні нысанаға алды. Әуе соққылары қаланың орталық, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде жасалған.
«Аль-Масира» телеарнасының мәліметінше, шабуыл президент сарайы, мемлекеттік мұнай компаниясының ғимараты, жанармай қоймалары, электр станциялары және әкімшілік нысандарға бағытталған.
Куәгерлердің айтуынша, бірнеше жерде жарылыстар болып, өрт шыққан. Жедел жәрдем көліктері оқиға орнына жеткен. Алдын ала деректер бойынша, құрбандар бар, бірақ нақты мәлімет әзірге жарияланған жоқ.
Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе шабуылын растағанымен, егжей-тегжейін айтпады. Әскери радионың хабарлауынша, операция аяқталды, негізгі мақсаттар – президент сарайы, электр станциялары және жанармай қоймалары болған.
RUS