Мадина Сәдуақасова Баян Алагөзованың тойында iPhone 16 Pro Max ұтып алды
Продюсердің қыздары Алиса мен Алманың тойы өтті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Мадина Сәдуақасова Баян және Тұрсын Алагөзовтердің қыздарының тұсаукесер тойына қатысып, басты сыйлықты иеленді.
«Бұл – кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы. Зал іші де, сырты да гүлге толы... Ертегідегідей қос ханшайымға арналған нағыз корольдік той! Әдемі сценарий, ерекше көйлектер, музыка, әндер, театрландырылған көріністер... Барлығы керемет болды», – деп әсерімен бөлісті әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тойда түрлі конкурстар да ұйымдастырылды. Солардың бірінде Мадина Сәдуақасова да бақ сынап, бағасы қымбат сыйлықты жеңіп алды.
«Мен конкурсқа қатысып, iPhone 16 Pro Max ұтып алдым!» – деп қуанышын жасырмады ол.
Әлеуметтік желілерде бұл жаңалық қызу талқылануда. Кейбір оқырмандар «Мадинаға жолы болды», «Тойға барсаң, iPhone ұтып келесің бе?» деп әзілдесе, енді бірі «Нағыз патша тойдың деңгейі осы – қонақтарға смартфон сыйлайды» деп пікір қалдыруда.


Фото: instagram.com/sadvakasovamadina
Материал авторы