«13,5 млн теңгені бермей отыр»: жалғызбасты ананың жанайқайы қоғамда дау тудырды

Азиз Қалижан Редактор
25.08.2025, 18:52
524
«13,5 млн теңгені бермей отыр»: жалғызбасты ананың жанайқайы қоғамда дау тудырды жеке парақшасынан

Әйел халықтың көмегімен жиналған 13,5 миллион теңгені ала алмай жүргенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда әлеуметтік желілерде қайырымдылық мәселесіне қатысты үлкен пікірталас өрбіді. 4 баланы жалғыз бағып отырған Гүлім Болатжан есімді әйел халықтың көмегімен жиналған 13,5 миллион теңгені ала алмай жүргенін айтты. Оның сөзінше, қаражатты басқарған қайырымдылық қорының жетекшісі Ырысбала Икрамбай ақшаны беруден бас тартқан. Бұл туралы Skifnews.kz жазды.

Гүлімнің жазбасы қоғамда қызу талқы тудырды. Кейбір қолданушылар ананы қолдап, «егер қаражат жиналса, толықтай берілуі керек» десе, енді бір бөлігі керісінше пікір білдірді:

«Ешкім пәтер сыйлауға міндетті емес. Барлығы секілді еңбек етіп, табыс табу қажет» – дейді сын айтушылардың бірі.

«Қордың мұндай әрекеті – халық сенімін алдау. Жиналған ақша мұқтаж адамға жетуі тиіс» – деп қарсы пікір білдіргендер де бар.

Талқылауға қатысқандардың кейбірі ананың өмірлік жағдайын түсіністікпен қабылдауға шақырды:

«Әркімнің тағдыры әртүрлі. Мүмкін, күйеуі қайтыс болған немесе денсаулығында қиындық бар шығар. Асығыс үкім шығармау керек» – деп ананы жақтаушылар жазды.

Ал өзгелері «балаларды дүниеге әкелген соң мемлекеттен немесе халықтан талап ету дұрыс емес» деген уәж келтірді. Тіпті бір қолданушы өз өмірінен мысал келтірді:

«Менің әжем 33 жасында жесір қалды. Төрт баласын жалғыз өсіріп, аяқтандырды. Ешқашан шағым айтқан жоқ».

Бұған қоса, қайырымдылық қорына да сын көп. Желі қолданушылары «егер қор жиналған ақшаны мұқтаж жанға бермесе, бұл – халықтың сенімін теріс пайдалану» деген пікірде.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды