Тоқаев 8 қыркүйекте халыққа Жолдау жасайды

26.08.2025, 11:15
731
Тоқаев 8 қыркүйекте халыққа Жолдау жасайды Ақорда

Президент халыққа дәстүрлі Жолдауын жасамақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Бұл құжат әдеттегідей алдағы жылға арналған негізгі бағыттарды айқындайды – заң шығару мен Үкіметтің жұмыс жоспары осыған сүйенеді.

Сарапшылардың болжамынша, биылғы Жолдауда экономикалық және ішкі қауіпсіздік мәселелері, цифрландыру, көлік дәліздері мен энергетика саласы басымдыққа ие болады.

Саясаттанушы Айдар Әміребаевтың пікірінше, Қазақстанның еуразиялық және цифрлық жобаларға қатысуы, соның ішінде Транскаспий бағыты мен талшықты-оптикалық инфрақұрылымды дамыту басты тақырыптардың бірі болуы ықтимал.

Айта кетейік, биыл Жолдау уақыты сәл өзгерді. Ақорданың хабарлауынша, қыркүйектің басында Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, ШЫҰ саммитіне және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына арналған іс-шараларға қатысады.

Бұған дейін Президент жыл соңына дейін ауылдық елді мекендерде медициналық нысандар құрылысына нүкте қоюды, отандық дәрі-дәрмек өндірісін жолға қоюды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырған болатын.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады