«Кіндігі оралып қалған»: Жұлдыз Әбдікәрімова қызының дүниеге ауыр босанғанын айтты
Актриса бесінші рет ана атанды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жүктілігіне қатысты әсерлі оқиғасын бөлісті.
Актриса жүктіліктің 37-аптасында жоспарлы тексеріске барған кезде жағымсыз жаңалық естіген: нәресте жамбаспен жатқан, әрі кіндікке екі рет оралып қалған. Дәрігерлер шұғыл кесарь тілігін жасауды ұсынған.
«Сол сәтте денем мұздап кеткендей болды, басымда түрлі қорқыныш ойлар… Төрт баланы табиғи жолмен босанған мен үшін ота – бөтен, қажетсіз көрінді», – деп жазды Жұлдыз.
Дегенмен актриса дәрігерлерді күтуге көндірген. Бір апта бойы ол үй шаруасымен айналысып, тіпті жөндеу жұмыстарына арналған құрылыс материалдарын сатып алған. Ал ота жасалуы тиіс күні күтпеген жағдай болды: жаңа тексеріс кезінде сәби дұрыс қалыпқа түсіп, кіндікке оралу да жоғалған.
«Бұл нағыз ғажайып еді. Дәрігерлер шешімін өзгертіп, табиғи жолмен босануға рұқсат берді. Ішкі түйсігім: бәрі жақсы болады – деп айтқандай еді», – деді актриса.
Сөйтіп, Жұлдыз Әбдукәрімова тағы да ана атанып, дүниеге қызы келді.
Материал авторы