Ресей Каспий каналының тереңдетілуін тоқтатпақ: Қазақстан транзиттік дағдарысқа тап болуы мүмкін
Теңіз деңгейінің төмендеуі жұмыстарды қымбаттатып жіберген дейді ресейлік БАҚ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей билігі Волга-Каспий теңіз кеме қатынасы каналын (ВКТКК) 4,5 метрге дейін тереңдету жұмыстарын жалғастырмауды жоспарлап отыр. Бұл шешім Қазақстанның Каспий арқылы тасымалдау мүмкіндігіне тікелей әсер етуі ықтимал.
«Коммерсант» дерегінше, себептер бірнешеу:
-
тереңдету жұмыстарының жоғары құны;
-
Каспий теңізінің тайыздануы;
-
ірі тоннажды кемелерге сұраныстың төмендігі (4,2–4,5 м отыруы бар кемелер небәрі 6%).
2023–2024 жылдары канал тереңдетуге 7,5 млрд рубльден астам қаражат жұмсалған. Алайда теңіз деңгейінің төмендеуі жұмыстарды қымбаттатып жіберген. Росгидромет болжамына сәйкес, Каспийдің тайыздануы алдағы 10–15 жылда да жалғасады. Тек 2024 жылы су деңгейі –29 м дейін түссе, 2025 жылдың соңына қарай тағы 25 см төмендейді деп күтілуде.
Қазақстан не істемек?
Ресейдің бұл шешімі Қазақстандағы порттарды тереңдету бастамаларына да қауіп төндіріп отыр. Қазіргі таңда тек шағын Курык портында жұмыстар аяқталса, негізгі Ақтау портындағы жоба шілде айында басталады деп жоспарланғанымен, әлі іске кіріскен жоқ.
Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (ТМТД) арқылы транзит көлемі соңғы бес жылда алты есе артып, 4,5 млн тоннаға жеткен. Бірақ биылғы бірінші жартыжылдықта өсім небәрі 7% болды.
Сарапшылар не дейді?
Мамандар егер Каспий суы әрі қарай да төмендей берсе және тереңдетуге қатысты жобалар іске аспаса, Транскаспий дәлізінің өткізу қабілеті күрт төмендейді деп ескертеді. Мұндай жағдайда Орталық Азия елдері Каспийді айналып өтетін теміржол және автокөлік бағыттарын дамытуды жеделдетуі мүмкін.
Материал авторы