712

20 жастағы қазақстандық жігітті грузиялық полицейлер іздеп жатыр

Ақтаудан Тбилисиге ұшып келген бозбала із-түзсіз жоғалып кетті.

20 жастағы қазақстандық жігітті грузиялық полицейлер іздеп жатыр
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Грузияда Ақтау қаласының 20 жастағы тұрғыны Данияр Жақсылық іздестіріліп жатыр.

Жігіт 20 тамыз күні түнгі рейспен Ақтаудан Тбилисиге ұшып барған. Осы сапардан кейін ол жақындарымен байланысқа шықпаған.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грузия полициясының іздеу шараларын жүргізіп жатқанын растады.

Белгілі болғандай, Данияр Жақсылық шекарадан өткен және Грузияға кірген. Алайда оның одан арғы жүрген жері, сондай-ақ жоғалған сәттегі киімі туралы дерек жоқ.

Материал авторы