SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер Ырысбала Икрамбай өзіне «қайырымдылыққа жиналған 13,5 миллион теңгені бермей қойды» деп айып таққан жалғызбасты анаға жауап қатты.
Гүлім Болатжан есімді әйелдің айтуынша, жұртшылық жиналған қаражаттың толық көлемін көрмеген. Себебі, оның сөзіне сенсек, қайырымдылық қорын басқаратын Ырысбала «Сіз билікке қарсы екенсіз ғой» деп, ақшаны толық беруден бас тартқан.
Алайда блогер бұл айыптауды жоққа шығарып, керісінше, ананың өзін кінәлады.
«Мына әйелді танитындар бар ма? Гүлім Болатжан деген осы. Әлемдегі жалғыз періште секілді, жылдар бойы мені қаралап келеді. Осы қатынға ғана Ырысбала үй бермейді екен, «Асар-Үме» тұруға жарамсыз үй береді екен. Төрт баланы қайда тастаймын дейді. Ал 4 баласының үлкені қазір 11-сыныпта оқып жатыр! Көмек қажет деп халыққа алақан жайып жүргеніне 11 жыл болды. Бұл әйелдің мұқтаждығы қашан бітеді? Қол жаюды намыс емес, кәсіп қылып алған», – деді Ырысбала ашулы үндеуде.
Сондай-ақ, ол Гүлімнің қарғыс сөздер жазылған скриншотын жариялап, тағы да қатты сын айтты.
«Бірінші кәсібі – халыққа алақан жаю, екіншісі – телеарналарды жағалап, бәле іздеу. Бұл әйел атына қор ашсын, бәріміз асырайық. Ал төрт баланы туғызған әкесінен сұрасын. Сіздер ойлағандай жуас адам емес, бәленің барлығын біледі. Өзіне қарсы шыққандарды қорғаудан бірінші орын», – деп мәлімдеді блогер.
RUS