435

Ресей Еуропалық азаптауға қарсы конвенциядан шығуға дайындалуда

Путин билігі адамды азаптау мен қорлауды қолдамақ.

Ресей Еуропалық азаптауға қарсы конвенциядан шығуға дайындалуда
Александр Подгорчук, Коммерсантъ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей билігі Еуропалық азаптауға және адамды қорлайтын қарым-қатынасқа тыйым салу туралы конвенциядан бас тартпақ. Бұл бастама президент Владимир Путинге ұсынылды. Тиісті қаулыға Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойған. Енді құжатты денонсациялау туралы жоба парламент қарауына жіберіледі.

Аталған конвенцияны Еуропа Кеңесі 1987 жылы қабылдаған. Ресей оны 1996 жылы ратификациялаған болатын. Алайда Украинаға толыққанды басып кіруден кейін (2022 жылдың ақпанында) Мәскеу халықаралық ұйымдар мен келісімдерден біртіндеп шыға бастады. Бұған дейін Ресей Еуропа Кеңесінен шықты, Еуропалық адам құқықтары жөніндегі конвенцияға қатысудан бас тартты және Еуропалық соттың шешімдерін орындамайтынын мәлімдеді. Еуропалық азаптауға қарсы конвенция да осы ұйымның бақылауында.

Бұл құжаттың негізгі тетіктерінің бірі – мүше мемлекеттерге комитет өкілдерінің түрмелер мен басқа да қамау орындарына кедергісіз кіруіне рұқсат беру.

Бұған дейін комитет Ресейдің аталған конвенцияны бұзғаны туралы бірнеше есеп жариялаған. Соңғы есеп 2024 жылдың қарашасында шықты. Онда оппозиционер Алексей Навальныйдың колониядағы өлімі де қозғалған еді. Ол кезде Ресей СІМ бұл есепті «саясиланған» деп бағалап, «Ресейдің Еуропа Кеңесінен шығуы немесе өзге де конвенцияларды тоқтатуы елдегі адам құқықтарын қорғау деңгейіне әсер етпейді» деген мәлімдеме жасаған.

Материал авторы