Киевке жасалған ең ірі шабуыл: Зеленский қаза тапқандар саны 8-ге жеткенін айтты

28.08.2025, 09:42
489
Киевке жасалған ең ірі шабуыл: Зеленский қаза тапқандар саны 8-ге жеткенін айтты Efrem Lukatsky/The AP

Зеленский Ресейге қарсы санкцияны күтіп отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің дрондар мен ракеталар арқылы жасаған ауқымды шабуылынан кейін қаза тапқандардың саны сегіз адамға жетті, олардың арасында бір бала бар. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский хабарлады. Тағы 20-дан астам адам жарақат алған.

Зеленскийдің айтуынша, қазір Киевте қираған тұрғын үйлердің астынан адамдарды іздеу жалғасып жатыр.

«Қалаға кезекті жаппай соққы жасалды. Бүгінде, өкінішке қарай, кемінде сегіз адамның қаза тапқаны белгілі, оның ішінде бір бала бар. Он шақты адам жараланған. Ресей тағы да баллистика таңдады, келіссөзді емес. Бұл – соғысты тоқтатудың орнына, қырып-жоюды жалғастырудың белгісі», – деп жазды Зеленский Telegram-арнасында.

Ол сондай-ақ әлем елдерін үнсіз қалмауға шақырып, Ресейге қарсы жаңа қатаң санкциялар енгізу қажеттігін айтты.

Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Тимур Ткаченко Дарницкий ауданында бірнеше ғимаратқа ауыр зақым келгенін мәлімдеді. Бес қабатты тұрғын үйге тура соққы жасалған.

«Барлығы қираған», – деді ол.

Жергілікті биліктің дерегінше:

Шабуыл 20-дан астам ауданға әсер еткен;

Шамамен 100 ғимарат бүлінген, соның ішінде қала орталығындағы сауда орталығы бар;

Мыңдаған терезе сынған;

Қаланың әр аумағында өрттер шыққан.

Днепровский ауданында үш қабатты кеңсе ғимараты мен 25 қабатты үйде өрт болды. Ал Шевченковский ауданында тұрғын үй, кеңсе, білім беру мекемесі және тағы екі нысан зақымданған.

Ресейдің бұл соққысы – АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің осы айдың басында Аляскада өткен кездескеннен бергі Киевке жасалған ең ірі шабуыл болып отыр. Ол кездесуде соғысты тоқтату мәселесі талқыланған еді, бірақ нақты нәтижелер әлі байқалмайды.

Зеленскийдің айтуынша, Украина қазір АҚШ пен одақтастарынан Ресейге қарсы жаңа санкциялар күтіп отыр.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)