Түркістанда ер адам қызғаныштан фельдшерді ұрып тастады

Азиз Қалижан Редактор
28.08.2025, 13:18
378
Түркістанда ер адам қызғаныштан фельдшерді ұрып тастады biwork.ru

Фельдшер жүкті әйелді тексеруге келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістанда жүкті әйелді тексеруге барған жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды.

Оқиға түсік тастау қаупі бар деген шақырту кезінде болған. 26 жастағы фельдшер Құдырет Мүтәліповнауқастың ішін ұстап тексермек болғанда, жанында тұрған күйеуі ашуға беріліп, медициналық қызметкерге жұдырық жұмсаған.

«Алдымен бетінен ұрды, басы қабырғаға соғылып қалды. Кейін аяғымен бірнеше рет тепті. Сол кезде иығына да зақым келді. Шамданған күйеуін ажыратып алуға анасы араласты», – дейді оқиға куәгері, фельдшермен бірге барған практикант Жанель Қуанышбек.

Фельдшер ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Оның миы шайқалып, басынан қатты соққы алған. «Кешегі күн есімде жоқ», – деген Құдырет қазір травматология бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оған кемінде екі апта ем қажет.

«Пациентке жабық бас жарақаты, ми шайқалуы, көз айналасының жұмсақ тіндері зақымдануы диагнозы қойылды. Қазіргі жағдайы – орташа ауыр», – деді Түркістан орталық ауруханасының бас дәрігері Бекзат Берденов.

Облыстық жедел жәрдем стансасы фельдшер жұмысқа оралғанша оның орны сақталатынын мәлімдеді. Ал күдікті мен жәбірленушінің туыстары өзара келісімге келгені, кешірім берілгені айтылды.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды