Жетібайда мұнай компаниясынан жұмыс сұрап, аштық жариялағандарға әкімдік жауап берді

30.03.2023, 15:04
668
Жетібайда мұнай компаниясынан жұмыс сұрап, аштық жариялағандарға әкімдік жауап берді smartnews.kz

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында 27 наурызда басталған 50-ге жуық адамның наразылық шарасы әлі жалғасып жатыр. Осыған байланысты Қарақия ауданының әкімдігі түсінік берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

29 наурыздан бастап «Е-otinish» порталы арқылы аштық жариялау түріндегі наразылық акциясына барлығы 13 өтініш түсті.

Қазіргі уақытта өтініштер уәкілетті мемлекеттік органдарда қаралып жатыр.

Айта кетейік, тамақтан бас тарту арқылы акция өткізу қолданыстағы заңнамамен реттелмейді.

Өз кезегінде Қарақия ауданының әкімдігі облыс әкімдігінің басқармалары, аудан прокуратурасы және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, наразылық білдірген жұмыссыздарға түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр.

Ең алдымен, Қарақия ауданының әкімдігі барлық жұмыссыздың бірден мұнай саласында жұмыс істеуі мүмкін еместігіне, жұмыссыздар әкімдік ұсынған жұмыс орындарынан бас тартатынына назар аудартқысы келеді.

«Сондай-ақ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-нан бос жұмыс орындарын бөлуде жұмыссыздар тарапы «70-те 30», яғни Жетібай кентінің тұрғындары 70 пайызына, ал қалған 30 пайызы Қарақия ауданының басқа ауылдарындағы және облыстың басқа аудандарындағы жұмыссыздарға беру талабы қойылған. Қойылған талапты басқа ауыл, аудан тұрғындарына негізсіз деп санаймыз. Бұл ретте Қарақия ауданының Құрық ауылы мен Маңғыстау облысының жұмыссыз тұрғындары бос жұмыс орындарын бөлуде әділеттілікті талап етіп отыр. Қазіргі уақытта наразылық білдірушілер мемлекеттік органдардың түсіндіріп жатқан айқын және объективті фактілерін қабылдаудан бас тартты. Жиналғандар «мұнай саласында жұмыс істеймін» дегендердің барлығын бірден жұмысқа орналастыру мүмкін емес, басқа салаларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін пайдалану қажет деген шындықты қабылдауы қажет. Барлық мәселе конструктивті диалог арқылы, қолданыстағы заңнама аясында шешілуі тиіс» деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Сондай-ақ Қарақия ауданының әкімдігі наразылық білдірушілерге заңсыз әрекет жасаған жағдайда заңда белгіленген жауапкершілік бар екенін ескертті.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды