Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің қызы әлем чемпионатында үздік бестіктің қатарына кірді
Серік Сәпиевтің қызы Аққу Сәпиева әлем чемпионатында көзге түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Грузияда өткен спорттық-бал биінен әлем чемпионатында 13 жастағы Аққу Сәпиева финалға шығып, 28 елден қатысқан 124 спортшының арасынан 5-орын иеленді.
Аққу – Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевтің қызы. Ол би өнерімен 4 жасынан бастап айналысады.
Жас бишінің айтуынша, би – оның эмоциясы мен жан дүниесін жеткізудің басты тәсілі. Аққу алдағы уақытта шеберлігін арттырып, ірі халықаралық додаларда ел намысын қорғауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ болашақта бапкер болуды да мақсат етеді.
Айта кетейік, Серік Сәпиев – Қазақстан тарихындағы ең атақты әуесқой боксшылардың бірі. Ол 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алтын медаль жеңіп, Вэл Баркер кубогын алған.
Спорт журналисі Аян Төлегеннің айтуынша, Аққудың сенімді қимылы мен жеңіл қозғалысы әкесінің рингтегі жеңістерін еске салады.
Материал авторы