373

Қазақстанда лазер немесе дрон арқылы ұшқыштарға кедергі келтіру қылмысқа теңелді

Лазер ұшу мен қону кезінде аса қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.

Қазақстанда лазер немесе дрон арқылы ұшқыштарға кедергі келтіру қылмысқа теңелді
DALL-E

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 14 қыркүйектен бастап Қазақстанда әуе кемелерін басқаруға кедергі келтіру, соның ішінде лазер сәулесін бағыттап ұшқыштың көру қабілетіне әсер ету немесе дронды әуе кемесіне жақындату қылмыстық жауапкершілікке жататын болады.

Министрліктің мәліметінше, өзгерістер жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді. Бұдан былай мұндай әрекеттер үшін айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі жазалар қарастырылған.

Әлемнің көптеген елдерінде де осыған ұқсас нормалар бар: Германияда – 10 жылға дейін, Өзбекстанда – 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. АҚШ, Канада, Аустралия және Жаңа Зеландия да мұндай әрекетті қылмыс деп санайды.

Лазер сәулесі ұшқыштың көруін уақытша шектеп, ұшу мен қону кезінде аса қауіпті жағдай тудыруы мүмкін. Бұл құқықбұзушылықты тергеу және кінәлілерді жауапқа тарту ішкі істер органдарының құзырында.

Қылмыстық кодекстің жаңа 352-1-бабына сәйкес, мұндай әрекет үшін 200 АЕК айыппұлдан бастап, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған (зардаптың деңгейіне байланысты).

Материал авторы