1196

«Ақша үшін ғана емдеймін»: 11 жыл бұрын «Үкілі бала» атанған Ерболсын ел алдына шықты

Маған біреудің ауру баласымен арпалысу қызық емес дейді ол.

«Ақша үшін ғана емдеймін»: 11 жыл бұрын «Үкілі бала» атанған Ерболсын ел алдына шықты
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бір кездері бүкіл елді емімен таңғалдырған Ерболсын Серікбаев 11 жыл үнсіздіктен кейін ашық сұхбат берді. Ол өз өміріндегі қиын сәттерді еске алып, бүгінде қалай өмір сүріп жатқанын айтты.

Ерболсын алғаш рет 2014 жылы «Кешкі кездесу» бағдарламасы арқылы танылған еді. Сол кезде 11 жасар бала бірден халықтың назарын аударып, «емші бала» атанды. Алайда танымалдық оған оңайға соқпаған.

«Бағдарламадан кейін молдалар да, психологтар да жабылып кетті. Психологиямда қорқыныш пайда болды. Қазақы менталитет бойынша үлкенге қарсы сөйлеуге болмайды, ал ол кезде мені қорғайтын адам болған жоқ», – дейді Ерболсын.

Қазір ол Ресейде тұрып, медициналық білімін жетілдіруде. Бірақ «адам емдеу» туралы көзқарасы өзгермеген.

«Әлі күнге дейін ақша үшін ғана емдеймін. Маған біреудің проблемасы, ауру баласымен арпалысу қызық емес. Ақша болмаса, емдемес едім. Қазір бір қабылдауым – 200 доллар, ал Қазақстанда 100 доллар. Бұл менің уақытым мен энергиямды ақтайды», – деді Ерболсын.

Ол топтық емдеу, ретриттер ұйымдастыратынын және үй жағдайында қандай ем-дом жасау керегін де айтатынын жеткізді. Ерболсын сұхбатында Ресейге не үшін кеткенін және жеке өміріндегі өзгерістерді де жасырмады.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор