Бұрынғы бас көлік прокурорына іздеу салынды
Тергеуді Алмалы аудандық полициясы жүргізіп жатқан көрінеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жарияланды. Бұл ақпарат құқықтық статистика базасында жарияланған.
Деректерге сүйенсек, іс 29 тамызда Алматыда тіркелген. Тергеуді Алмалы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Мақсат Дүйсенов бұған дейін белгілі құқық қорғау органдарында түрлі қызмет атқарған. Ол кезінде бұрынғы сенатор, экс-Бас прокурор және Қаржы полициясының басшысы болған Қайрат Қожамжаровпен бірге жұмыс істеген.
Сол уақытта Дүйсенов Алматы қалалық Қаржы полициясын басқарған, кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары болды. Одан соң еліміздің бас көлік прокуроры қызметін атқарған.
Материал авторы