Таразда жаңа оқу жылының бірінші күні 14 жастағы оқушы өлі күйінде табылды

02.09.2025, 10:50
4727
Таразда жаңа оқу жылының бірінші күні 14 жастағы оқушы өлі күйінде табылды mrohana/Getty Images

Пышақ жарақаты баланың жүрек тұсына тиген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының орталығында 14 жасар жасөспірімнің мәйіті табылды. Ол пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.

Оқиға 1 қыркүйекте, жаңа оқу жылы басталған күні болған. Полицияның алдын ала дерегі бойынша, жасөспірім қаладағы шағын аудандардың бірінде көз жұмған. Ақпарат әлеуметтік желідегі пабликтерде де тарады.

Болжам бойынша, пышақ жарақаты жүрек тұсына тиген.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша іс қозғалған. Жедел іздестіру шаралары барысында кәмелет жасына толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта болған жайттың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», — деді ведомство өкілдері.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды